» Материалы за Май 2016 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мұғалімдер туралы

Автор: admin от 15-05-2016, 21:06, посмотрело: 804

0

Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар! Ш.Құдайбердиев атындағы №32 жалпы орта мектебінің ресми сайтына қош келіпсіздер!!!




Категория: ---

 

Мектеп суреттері

Автор: admin от 13-05-2016, 23:33, посмотрело: 2171

0

Мектеп суреттері

 

Мектеп суреттері

 

Мектеп суреттері

 

Мектеп суреттері

 

Мектеп суреттері

 

Категория: Галерея

 

Гимн

Автор: admin от 13-05-2016, 23:26, посмотрело: 539

0

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
 

    Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранының музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.

Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.

     Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
                          Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Категория: Мемлекеттік рәміздер » Мемлеукеттік Гимн

 

Елтаңба

Автор: admin от 13-05-2016, 23:24, посмотрело: 626

0

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

 

 Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.

Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.

Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.

Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады.

Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.

Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.

Категория: Мемлекеттік рәміздер » Мемлекеттік Елтаңба

 

Мемлекеттік Ту

Автор: admin от 13-05-2016, 22:54, посмотрело: 1414

0

 

ҚАЗАҚСТАН   РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК   ТУЫ

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.  

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.

Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..  

Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.

      Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.


 



 

Категория: Мемлекеттік рәміздер

 

Мектеп әкімшілігі

Автор: admin от 13-05-2016, 21:44, посмотрело: 798

0
Мектеп әкімшілігі

Мектеп директоры
Қарабалаев Халил Ертуганович

Мектеп әкімшілігі

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Пернебаева Бақтыгүл Құдайбергенқызы

Мектеп әкімшілігі


 Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Ақмолдаева Сапаргүл Жүсіпқызы

Мектеп әкімшілігі

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Кулиев Абай Халбаевич


 

Мектеп әкімшілігі

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Базарбаева Сапаргүл 

Мектеп әкімшілігі

Директордың щаруашылық жөніндегі орынбасары
Жумаев сансызбай Саденович

 


 



 



Категория: Әкімшілік

 

Мекен жайымыз

Автор: admin от 10-05-2016, 21:18, посмотрело: 649

0
        Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы Қарақай ауылдық округі Қ. Сәтпаев ауылы
"№20 Ш. Құдайбердиев атындағы жалпы орта мектебі"
Құрманғазы көшесі н/с
тел.: +7(72534) 5-81-48
эл.адрес. sh-kudaiberdiev@mail.ru
Мемлекеттік лицензия № 14.11.2008ж.
 
 

Категория: Мекен жайымыз

 

Үйірмелер

Автор: admin от 9-05-2016, 23:35, посмотрело: 1092

0

«№20 Ш.Құдайбердиев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
1-11 сынып үйірме жұмыстарының кестесі


2016-2017 оқу жыл

 Үйірме атауы  Мұғалімнің аты - жөні    Кабинет   Уақыты
 "Математика ғылымдардың патшасы»  Аманжолов А.  Математика  15.00 -16.00
 «Жас математик»  Юльчиева Г.  Математика  10.00 -11.00
 «Жас бағдарламашы»   Мырзагалиев Х.  Информатика   16.00 -17.00
  «Жас химиктер»  Бейсенова Ұ.   Химия  16.00- 17.30
  «Жас биологтар»   Бектасова Г.  Биология  16.30 -17.15
 «Алғашқы медициналық көмек»  Байтилесова Т.  АӘД   16.00.-17.00
 «Жас ұлан»  Орманов К.  АӘД  16 00 -17 45
 "Волейбол»   Жаумитбаев Е.   Волейбол алаңы  10 00 -11 45
 «Жеңіл атлетика»  Акмуллаев Т.   Спорт алаңы  09 30 -10 15
 
  
 «Баскетбол»   Бекбаев Р.   Баскетбол алаңы  11 00 -11 45
 «Футбол»   Тугайбаев М  Футбол алаңы  11 00 -11.00
 «Үстел тенисі»   Каипов П.  Спорт залы  10 00 -10.45
 «Тоғыз құмалақ»   Байдышев Е.  Спорт залы  16 00 -17.15
 «Шахмат»   Орманов К.  Спорт залы  15 00 -16.00 

 
 «Дойбы»  Кулиев Н.    Спорт залы 10 00 -11 00 
 «Жас информатик»
 Байнеков Е. ҚББП  10.00 - 11.30
 «Жас инспектор»  Байнеков Е. ҚББП 12.00 - 13.30
       

     

Категория: Оқушыларға

 

ҰБТ ережесі

Автор: admin от 9-05-2016, 23:09, посмотрело: 587

0 Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және ағымдағы жылғы жалпы орта білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілеріне (бұдан әрі - бітіруші) ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу тәртібін белгілейді.

2. Қағидалар меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарына таратылады.

3. Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) - орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарындағы түсу емтихандарын біріктіретін, жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау түрлерінің бірі.

4. ҰБТ ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінің (бұдан әрі - ҰБТӨП) базасында өткізіледі.

5. ҰБТ-ның өткізілуін үйлестіру үшін облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларының базасында штабтар (бұдан әрі – Штаб) құрылады.

6. Штаб:
1) ҰБТ-ны және апелляцияны өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын;
2) ҰБТ мәселелері бойынша жұртшылық арасында ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын;
3) ҰБТ-ны өткізу кезінде металл іздегіштердің, ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтыратын құралдарды және бейне бақылау камераларын пайдалану жұмыстарын үйлестіреді.

7. ҰБТ-ны өткізу үшін ҰБТӨП-те мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі - МК) құрылады. МК өз жұмысында «Білім туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы Қағидаларды басшылыққа алады.

8. МК-нің құрамына әкімдік өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары (бұдан әрі – ЖОО), облыстық (республикалық маңызы бар қалалар) білім басқармаларының бастықтары (бұдан әрі – білім басқармасының бастықтары), аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бастықтары, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының немесе білім басқармаларының білікті қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы кіреді. МК мүшелерінің саны 5 адамнан тұрады.

9. Білім беру ұйымдарында:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім беру ұйымдарының базасында орналасқан ҰБТӨП-терде МК төрағасы болып ЖОО-ның басшылары немесе білім басқармаларының бастықтары тағайындалады;
2) аудан орталықтарының білім беру ұйымдарында орналасқан ҰБТӨП-терде МК төрағасы болып аудан (қала) әкімдерінің орынбасарлары немесе аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бастықтары тағайындалады. МК-нің құрамы жоғары оқу орындарының және облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларының ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен ҰБТ рәсімін өткізгенге дейін 2 ай бұрын бекітіледі.

10. МК:
1) жұртшылық арасында ҰБТ мәселелері бойынша ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
2) жергілікті атқарушы органдармен және білім беру ұйымдарымен бірлесіп бітірушілерді ҰБТӨП-ке және кері жеткізуді, орналастыру мен тамақтандыруды ұйымдастырады (50 шақырымнан жақын қашықтықта тұратын бітірушілер тестілеу өткізілетін күні таңғы сағат 07.00-ден бастап, ал ҰБТӨП-тен 50 шақырымнан алыс қашықтықта тұратын бітірушілер тестілеу басталғанға дейін бір күн бұрын тасымалданады);
3) медициналық қызметкерлердің жұмысын қамтамасыз етеді;
4) электр көзі мен телекоммуникациялық байланыстың үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
5) кезекшілердің құрамын қалыптастырады;
6) кезекшілердің тестілеуге қатысуын қамтамасыз етеді;
7) қоғамдық тәртіпті сақтауды, тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді, тестілеу кезінде ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтыратын және бейнебақылау құралдарын пайдалануды ұйымдастырады; 8) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тестілеу басталғанға дейін ғимаратты тексеру актісін жасау арқылы ҰБТ өтетін ғимаратты жарылғыш заттардың болмауы үшін тексеруді жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері (бұдан әрі – Министрлік өкілдері) мен апелляциялық комиссияның жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды;
10) Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторияларды ҰБТӨП жетекшілерінен санитарлық-гигиеналық нормаларының сақталуына, тыйым салынған заттардың (ақпараттық және анықтамалық материалдар, электрондық кітаптар, калькуляторлар, ұялы телефондар, пейджерлер және фотоаппараттар) болмауына жасалған акт бойынша қабылдауды жүзеге асырады;
11) Министрлік өкілімен бірлесіп мүгедек бітірушілер, даму мүмкіндіктері шектеулі, көру қабілеті нашар (көрмейтін, нашар көретін), есту қабілеті нашар (естімейтін, нашар еститін), өздігінен жүріп-тұру функциясы бұзылған мүгедектер және қант диабетімен ауратын бітірушілер үшін жеке аудитория бөлу туралы шешім қабылдайды.
12) тестілеу өткізілген күні осы Қағидаларға 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Дұрыс жауаптар коды мен ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосын (апелляция есепке алынбаған) және ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосын (апелляция есепке алынған) көпшіліктің назарына іледі;
13) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Сертификаттарды беру тізілімін және сертификаттарды беру жұмыстарын ұйымдастырады; 14) Штабты ҰБТ-ның өту барысы және бітірушінің осы Қағидалардың талаптарын бұзу фактісі туралы хабардар етеді.

11. МК-ның шешімдері МК мүшелерінің отырысында қатысушылардың көпшілік даусымен қабылданады және төраға мен хатшының қолы қойылған отырыс хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда, МК төрағасының даусы шешуші болып саналады.

2. ҰБТ-ны өткізу тәртібі
12. ҰБТ-ны тапсыруға ерікті негізде жалпы орта білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері жіберіледі.

13. ҰБТ қазақ және орыс тілдерінде бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі және таңдаған мамандыққа байланысты таңдау пәнінің біреуі бойынша өткізіледі. Арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін шығармашылық мамандықтарына түсуші бітірушілер үшін таңдау пәні - ерікті.

14. ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі - 10 наурыздан 25 сәуірге дейін. Өтініш бланкілерін толтыруды бітіруші өзі оқитын білім беру ұйымында жүргізеді.

15. ҰБТ-ның нәтижесі туралы сертификатқа (бұдан әрі –сертификат) бітірушінің Т.А.Ә. жеке куәлік, паспорт немесе туу туралы куәлік бойынша толтырылады. 16 жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ бітірушіге мектеп директоры осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бітірушінің фотосуреті жапсырылып, мектептің мөрі басылған, анықтама береді.

16. Тестілеу ҰБТӨП-терде 1-15 маусым аралығында өткізіледі.

17. ҰБТ жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының шеңберінде жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі.

18. Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны – 25.

19. ҰБТ-ны өткізуге 3,5 (үш жарым) астрономиялық сағат (210 минут) бөлінеді. ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

20. Жауап парағы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес мынадай тәртіппен толтырылады:
1) 1-секторда бітірушінің Т.А.Ә. жазылады;
2) 2-секторда жоғарғы тор көздерге көлденеңінен бітірушінің рұқсаттамасында көрсетілген талапкердің жеке коды жазылады. Әр санның астындағы торкөздегі сандарға сәйкес дөңгелекшелер боялады.
3) 3 және 4-секторларда емтихан тапсыру кезінде бітірушінің отыратын орны және оның сұрақ-кітапшасының нұсқасы боялады;
4) 5-секторда бітіруші ҰБТ тапсыратын лек пен аудитория нөмірі қойылады. Лек нөмірі емтихан болатын күн бойынша анықталады;
5) 6, 7, 8, 9-секторларда қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика пәндері бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады;
6) 10-секторда таңдау пәні бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады; Әрбір тапсырма берілген бес жауап нұсқасынан бір ғана дұрыс жауапты таңдауды талап етеді. Таңдалған жауап сол пәнге сәйкес сектордағы дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
7) 11-сектор боялмайды (шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлер үшін қарастырылған);
8) 12 сектор (жауап парағының нөмірі көрсетілген) боялмайды;
9) «Назар аударыңыз» бағанына аса көңіл бөлінеді: жауап парағы қара пастасы бар қаламмен толтырылады; жауап парағын ластауға, бүктеуге, жыртуға болмайды; корректор сұйығын пайдалануға болмайды; бір тапсырмаға 2 немесе одан көп жауап бояған кезде жауап есепке алынбайды;
10) бітіруші жауап парағының оң жақ төмен бұрышындағы «Бітірушінің қолтаңбасы» деген 13-секторға қолын қояды. Жауап парағы қате толтырылған жағдайда, бітірушіге жаңа жауап парағы берілмейді.

21. Жауап парағындағы қызметтік секторлар толтырылып болғаннан кейін ғана аудиторияда №1 отырғызу орнынан бастап сұрақ-кітапшалар таратылады.

22. Сұрақ-кітапшалар таратылып болғаннан кейін бітірушілер сұрақ- кітапша парақтарының түгел екендігін тексереді. Егер, сұрақ- кітапшаның парақтары түгел болмаса немесе типографиялық ақауы болған жағдайда, бітіруші бірден Министрлік өкілін хабардар етеді.

23. Бітіруші сұрақ-кітапшадағы нұсқа нөмірін жауап парағына (4-сектор) көшіріп жазады және сұрақ-кітапшаның мұқабасын толтырады.

24. Жауап парағының қызметтік секторлары мен сұрақ-кітапшаның мұқабасын толық толтырғаннан кейін тақтаға ҰБТ-ның басталу және аяқталу уақыты жазылады.

25. Аудиторияларда әрбір 45 минут сайын уақыт туралы бітірушілерге ескертіледі. ҰБТ аяқталған кезде соңғы 5 бітіруші аудиториядан бірге шығады.

26. ҰБТ өту уақытында аудиторияға тек қана Министрлік өкілі немесе Министрлік өкілінің алып жүруімен МК төрағасы кіре алады.

27. ҰБТ өткізілетін күндері ҰБТ өтетін корпустарда тестілеу үшін пайдаланылмайтын аудиториялардың, кабинеттердің, орындардың (әжетханадан басқа), сондай-ақ бітірушілердің кіріп-шығуына арналған есіктен басқа кіріп-шығатын есіктердің барлығы жабылады және мөрленеді. Ғимараттан тыс орналасқан ғимарат пен әжетхана аралығындағы жүретін жолдар мен аумақтарда бөгде тұлғалардың жүруіне жол берілмейді.

28. Бітірушілер аудиторияға бір-бірден жіберіледі. Бұл ретте бітірушілердің жеке басын сәйкестендіру анықтаманың, жеке басын куәландыратын құжаттың, рұқсаттаманың және рұқсаттама түбіртегінің негізінде жүргізіледі. Дәліз кезекшісі бітірушілердің бөгде заттарының арнайы бөлінген орынға қалдыруын қадағалайды. Бітіруші отырғызу парағында көрсетілген нөмірге сәйкес орынға отырады және отырғызу парағында өз орнына отырғандығын растап қол қояды. Бітірушілерді аудиторияға жіберу ҰБТ басталды деп хабарланған сәттен бастап тоқтатылады.

29. Егер бітіруші жарақат алу, отбасы жағдайы, өтініш беру кезінде тестілеуді тапсыру тілін қате көрсету себептері бойынша тестілеуден өте алмау жағдайлары туындаған кезде, бітірушіні қосымша отырғызу жүргізіледі. Мұндай жағдайда, бітіруші МК төрағасының атына емтихан күнін өзгерту немесе аудиториясының тілдік статусын өзгерту туралы өтініш береді. Өтінішке растайтын құжаттар қоса тіркеледі. Бітірушіні қосымша отырғызу туралы шешім МК отырысының хаттамасымен ресімделеді

30. Оң шешім қабылданған жағдайда Министрлік өкілі бітірушінің рұқсаттамасына өзгерістер енгізеді, тест тапсырмалары тапсыру тіліне сәйкес бітірушіні қосымша отырғызуға болатын аудиторияның нөмірін анықтайды.

31. Қосымша отырғызу үшін ҰБТ-ға келмеген бітірушінің емтихан материалдары немесе артық емтихан материалдары пайдаланылады. Ескертпе: қосымша отырғызу, егер ҰБТӨП-те кейінгі лектер және тестілеу тапсыру тіліне байланысты аудиторияларда бос орындар болған жағдайда ғана іске асырылады.

32. Балдарды бағаға ауыстыруды МК осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген ҰБТ сертификатының балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласына сәйкес жүргізеді.

33. Бітірушіге сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, емтихан материалдарын басқа бітірушімен ауыстыруға, көшіріп жазуға, шпаргалкаларды, оқулықтарды және басқа да әдістемелік әдебиеттерді, калькуляторды, фотоаппаратты, мобильді байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшетниктер, iPad, iPod, iPone, SmartPhone), ноутбуктарды, плейерлерді аудиторияға кіргізуге және пайдалануға рұқсат етілмейді.

34. Бітіруші осы Қағидалардың 33-тармағын бұзған жағдайда Министрлік өкілі осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тыйым салынған заттың тәркіленуі және бітірушіні аудиториядан шығару туралы актісін жасайды және тест нәтижелерін жою туралы шешім қабылдайды. Бітірушінің осы Қағидалардың бұзу фактісі туралы МК төрағасын хабардар етеді.

35. Бітірушіні аудиториядан шығару және оның тест нәтижелерін жою туралы шешім қабылданған жағдайда ол өзі білім алған білім беру ұйымында дәстүрлі емтихандар нысанында қорытынды аттестаттаудан өтеді. Бұл ретте, ол ағымдағы жылы жоғары оқу орнына түсу құқығынан айырылады.

36. Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде бітіруші емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда оның жұмысы өңделмейді; Министрлік өкілі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысанда Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде бітіруші емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан фактіні тіркеу туралы акті жасайды.

37. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, ҰБТ-ға қатысушылардың құқығын қорғау мақсатында тестілеу өткізу кезеңінде апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - республикалық апелляциялық комиссия) және әрбір ҰБТӨП-терде апелляциялық комиссия құрылады.

38. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

39. Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссияның бітірушіге балдар қосу туралы ұсыныстардың негізділігін қарайды және соңғы шешім қабылдайды.

40. Республикалық апелляциялық комиссия өз функцияларын орындау мақсатында апелляциялық комиссиялардан бітірушінің жауап парағының көшірмесін, ҰБТ қағидаларының сақталуы туралы мәліметтерді сұратады және алады.

41. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі төрағаның және комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамалармен ресімделеді. Республикалық апелляциялық комиссияның және апелляциялық комиссиялар отырыстарының хаттамалары жыл бойы Ұлттық тестілеу орталығында сақталады.

42. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы басқарады.

43. Апелляциялық комиссия төрағасының кандидатурасы білім беру саласындағы уәкілетті органның, ал оның құрамы облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларының бұйрықтарымен бекітіледі. Апелляциялық комиссияның құрамына МК мүшелері және балалары ағымдағы жылы ҰБТ-дан өтетін өзге де тұлғалар кіре алмайды.

44. Апелляциялық комиссия тестілеуге қатысушылардан тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштер қабылдайды және қарайды, республикалық апелляциялық комиссияға бітірушіге балдар қосу туралы ұсыныс енгізеді және апелляцияның қорытындылары туралы хабардар етеді.

45. Апелляцияға берілетін өтінішті тестілеуге қатысушының өзі апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштер тестілеу нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 14.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады. Өтініш берушінің өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты, ҰБТ-ға жіберу рұқсаттамасы болуы керек.

3. Қорытынды ережелер
46. ҰБТ тапсырған бітірушілерге: сертификат; жалпы орта білімі туралы аттестат (бұдан әрі – аттестат) беріледі.

47. Сертификат ҰБТ тапсырған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде ҰБТӨП-те беріледі. Сертификатқа ҰБТ шеңберінде тапсырылған әрбір пән бойынша балдары қойылады. Сертификат МК төрағасының, Министрлік өкілінің қолымен расталады және оған базасында ҰБТӨП ұйымдастырылған жоғары оқу орындарының немесе жергілікті білім беруді басқару органдарының мөрімен бекітіледі.

48. Аттестатты ҰБТ-ны тапсырған кезде бітірушілер білім алған білім беру ұйымдары береді. Аттестатқа ҰБТ шеңберінде тапсырылған жалпы білім беретін пәндер бойынша МК шешіміне сәйкес ҰБТ-да алынған бағалары қойылады.

Категория: Ата-аналарға

 

Мектеп туралы

Автор: admin от 5-05-2016, 05:16, посмотрело: 873

0
Мектеп туралы



Шымкент облысы Жетісай ауданы «Красная звезда» совхозының 4- бөлімшесіне 1953 жылы «Заветы Ленина» атындағы мектебінің кірпіші қаланды. Мектеп орыс мектебі болып жұмысты бастады,өйткені тұрғылықты халық сол жылы Акмола, Костанай, Көкшетау облыстарынан тың жерді игеруге қоныс аударған қазақ, орыс, неміс,беларус, украин,осетин және тағы басқа ұлт өкілдері болатын.Мектеп сабаннан,каркастан салынды,ешқандай парта, орындық болған жоқ, оқушылар орындықтарды үйлерінен алып келген болатын.
Мектептің алғашқы директоры Созақбаев Рысмуханбет Созақбаевич болды. 1957-1964 жылдар арасында мектеп директоры қызметін Т.Жүргенбаев атқарды.1964-1990 жылдарда директор қызметін Жансеитов Алхияс басқарды.1990-1992 ж осы мектептің алғашқы түлегі Иван Герлинг директор болды.1992-2000 жылдар арасында бірнеше директорлар ауысты. 1989жылдан бастап өзге ұлт өкілдері басқа жаққа қоныс аудара бастады,Тәжікстан Республикасынан қандастарымыз атамекенге қоныс аударуына байланысты мектепте қазақ сыныптары ашылды.1993 жылы «Заветы Ленина »мектебі атауы « Ш.Құдайбердиев атындағы мектеп» болып ауысты.
2000-2013 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін Жансеитова Флора Алхиясқызы атқарды. 150 балаға арналып салынған мектепте бала саны көбейіп оқушылар 3 аусымда оқыды.Жарты ғасыр тарихы бар мектеп ғимараты тозығы жетіп апатты мектептер қатарында болды.1990 жылы жаңа мектеп салынбақшы болып тұрған шақта тоқырау жылдарға тура келген ғимараттың салынуы тоқтап қалды. Тоқтап қалған құрылыс жұмыстарын жалғастырып, ғимараттың бітуіне атсалысып жоғары жаққа мектептің жағдайын айтып бірнеше хат жолдап үлес қосқан сол кездегі мектеп директоры Жансеитова Флора Алхиясқызы болатын,2009 жылы желтоқсан айында мектеп жаңа ғимаратқа көшті.

Категория: Мектеп туралы